2024-03-29 19:13:29
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік спортшылар Әлем чемпионатында 23 медаль жеңіп алды!

Шымкенттік спортшылар Әлем чемпионатында 23 медаль жеңіп алды!

Алматы қаласында 21-29 мамыр аралығында  экипировкамен және классикалық жатып сығымдаудан барлық жас ерекшеліктері бойынша пауэрлифтингтен Әлем Чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарысқа әлемнің 29 елінен 580-ге жуық спортшы қатысты. Осы  чемпионатқа Шымкент қаласынан 20 спортшы бақ сынап, құрама команда 23 медаль, оның ішінде 15 алтын, 7 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған спортшыларымыз:

  • Шаукатов Данияр 83 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында 1 орын (классика);
  • Акмурзаев Элдор 66 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);
  • Расулов Мансур 83 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);
  • Кувалдин Иван 59 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);
  • Орынбасаров Бақдәулет +120 салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (классика);
  • Аманов Бунед +120 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);
  • Каримова Амина 63 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (классика);
  • Юнусалиева Ширин 69 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (экипировка);
  • Орынбасаров Бақдәулет  +120 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (экипировка);
  • Хан Ксения 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);
  • Абдураимова Азиза 84 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);
  • Шамуратов Фуркат 59 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);
  • Юртанова Яна 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка жастар арасында);
  • Каримбеков Руслан 53 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (жастар арасында);
  • Каримова Амина 57 келі салмақ дәрежесінде қыздар  арасында 1 орын (экипировка).

Күміс жүлдеге қол жеткізген спортшыларымыз:

  • Хан Ксения 2 орын (экипировка);
  • Кошкаров Айдар 120+ келі салмақ дәрежесінде 2 орын (экипировка);
  • Жарменов Тимур 66 келі салмақ дәрежесінде 2 орын (классика)
  • Олейников Егор 93 келі салмақ дәрежесінде жасөспрімдер арасында 2 орын (классика);
  • Якушева Вероника 63 келі дәрежесінде қыздар арасында 2 орын иеленді (классика);
  • Нуриддинова Диана 57 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 2 орын (экипировка);
  • Октамов Абдулазиз  105 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 2 орынды (экипировка) иеленді.

 

Қола медаль жеңіп алған:

  • Кошкаров Айдар 3 орын (классика.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР