2024-02-27 08:59:58
-5.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік полицей волейболдан спорт шебері

Шымкенттік полицей волейболдан спорт шебері

Абдурашидов Абдузахид Абдухамитович – Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы. Ішкі істер органында 2011 жылдан бастап қызмет етуде. Полиция департаментінің «Динамо-Қазығұрт» командасының құрамында өнер көрсетеді. Мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап түрлі спорт түрлеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бүгінде 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған қамқор әке. Бала күнгі арманын жүзеге асыру мақсатында заңгер мамандығында білім алады. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл сала – ең қауіпті қызметтердің бірі. Ел тыныштығын күзетіп, түрлі құқық бұзушылықпен күрес кезінде күн сайын сан мың қауіппен бетпе-бет келіп жатады. Ол тек өз ісінің білікті маманы емес, үздік спортшылардың да бірі. Осы күнге командамен бірге бағындырған белестері мен жеткен жетістіктерінің өзі бір төбе. «Динамо-Қазығұрт» командасы 2010 жылдан бастап 7 дүркін «Қазақстан чемпионатының чемпионы», 2 дүркін «Қазақстан кубогінің қола жүлдегері», 1 дүркін «Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері», 5 дүркін «ІІМ чемпионы», 7 дүркін «Құқық қорғау органдарының кубогімен» марапатталған. Қай істе де жеңістің тек еңбекпен келетіні секілді қайсар мінезді жігіт талмай жаттығудың арқасында осындай жетістіктерді бағындырғаны белгілі. Сақшыларды бейбіт күннің батырлары, ал батыр тұлғалы азаматтарға ел әрқашанда сенім артқан. Елі артқан сенімді арқалап жүрген спортшыларымыздың бағындырар белесі таусылмасын дегіміз келеді. Қызмет пен спортты бірдей алып жүрген полиция капитанына өз міндеттерін әрдайым абыроймен атқара берсін деген тілек білдіреміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР