2024-04-26 17:43:47
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жастар «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындады

Шымкентте жастар "Көзімнің қарасы" әнін хормен орындады
Шымкентте Абайдың туған күніне және Тәуелсіздіктің отыз  жылына орай, «Елбасы медалі» қатысушылары Абай ескерткішінің жанында кездесті. «Көзімнің қарасы» туындысын орындап, ұлы ақынның бейнесін жинақтады.
Абай Құнанбайұлының 1891 жылы жазылған «Көзімнің қарасы» өлеңінің жарық көргеніне биыл  жүз отыз жыл болды.
«Елбасы медалі» жобасының қатысушысы Маутан Айсәуле: «Мен солист болып, ерекше сезімге бөлендім. Жобаға тіркелгеніме екі — үш ай болды. Осы аралықта белсенді болып, іс-шараларға қатысып жүрмін. Осыған дейін «Абай күні» туралы білмейтін едім. Абай мұрасын насихаттауға атсалысқаныма қуанып отырмын», — деді ол.
Ал Алина Мансұр бір минуттық бейнеороликті әзірлеу үшін төрт — бес сағат уақыт жұмсалғанын айтты. Қатысушылар әр кадрдың ұтымды шығуын ойластырып, Абай тағылымын насихаттауға атсалысқан. Игі шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР