2024-04-24 16:33:42
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте оңтүстіктің ән-жыр мақамы атауы бекітілді

Шымкентте оңтүстіктің ән-жыр мақамы атауы бекітілді

Шымкент қаласының Түркістан сарайында «Рухани жауһарлар» атты республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауы өтті.

«Рухани жауһарлар» байқауының идеялық авторы журналист, Анар Сүлеева болса, ұйымдастыру жағынан қолдау көрсеткен қалалық әкімдік.

Конкурсқа Рамазан Стамғазиев сынды елімізге белгілі өнер майталмандары қазылық етті. Өнер қайраткері байқауда халық әндері мен халық композиторларының шығармалары орындалатынын жеткізді. Сондай-ақ байқаудың талабына сай бір ән оңтүстік жыр мектебінің туындысы болуы шарт. Яғни әрбір қатысушы қатарынан 3 ән орындайды.

Дәстүрлі ән-жыр мектебінің өз орталығы болу керек. Ол «Рухани жауһарлар» деген атаумен аталса. Республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауында қазылық еткен өнер майталмандары Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақтың дәстүрлі өнерінің келешегі тақырыбында ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» отырысында осындай ұйғарымға келді.

Қазақ өнерінде оңтүстік жұртының дәстүрлі ән-жырлары Жетісу, Арқа мақамы деп әлі күнге дейін термин ретінде бекітілмеген. Осыған орай мәдениет саласының үздігі Әлімжан Серікбаев халық бұрыннан атап кеткен Оңтүстіктің дәстүрлі ән-жыр мектебі деген атаумен қалса деген ұсынысын барлық өнер қайраткерлері бірауыздан қолдады.

Бұл «дөңгелек үстел» басқосуы конкурстың соңғы күні ұйымдастырылды.

Сонымен екі күнге жалғасқан сайыс нәтижесінде дәстүрлі ән бойынша А.Ермекбаева, Ә.Бекниязов, Б.Нуриддинұлы, Б.Айтахметов, Н.Жуасбеков арнайы номинацияның иегерлері атанды. Осы ән дәстүрі байқауында ІІІ орынды А.Дәуен, ІІ орынды А.Сағындық, І орынды О.Жаңабаев ұтып алса, бас жүлде Қ.Сынабайға бұйырды.

Терме сайысында А.Рустамов, Д.Рахман, Ж.Жәнібек, А.Қонысбаева, Ж.Оспанқұлов арнайы номинациялық жүлделермен марапатталды. Терме айту жарысынан ІІІ орын К.Түрікпен, О.Құлсымақов, ІІ орын Ә.Мырзағалиев, Б. Көштаев, І орын Е.Құрасбек еншісіне тисе, гран-при жүлдесімен Р.Ахинбеков марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР