2024-04-26 20:52:51
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: «Күміс қалам» иегері анықталды

Шымкент: «Күміс қалам» иегері анықталды

Шымкентте жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам — 2022» байқауы ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жас ақындар қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді насихаттау,  әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Сондай-ақ жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның ұрпақтар сабақтастығын жалғау, олардың ақындық қабілеттерін шыңдау.

Мүшәйрада сөзден маржан терген ақындарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  Қалқаман Сарин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, ҚР жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Абай Қалшабек, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі Бекмұрат Анарбаев қазылық етті.

Байқауда ақындар сөзден маржан теріп,  ел Тәуелсіздігінің жетістіктерін жырларына арқау етті. Қазылар алқасының шешімімен  «Күміс қалам» атты поэтикалық дуэльдің бас жүлдесіне  Шымкент қаласының жас ақыны Арайлым Мұраталиева ие болды. Күмістен жасалған қаламды жеңімпазға қазақтың белгілі ақыны Қалқаман Сарин табыстады.

Шымкент: «Күміс қалам» иегері анықталды

І орын «Есенғали Раушан» атындағы арнайы жүлде — қостанайлық Дәулет Жадырасынға бұйырды. ІІ орынды «Әбілда Аймақ» атындағы арнайы жүлде — Бейбітбек Ақбота (Шымкент қаласы); ІІІ орынды «Тынышбаев Рахым» атындағы арнайы жүлде — Оралбай Аружан  (Жезқазған қаласы) ие болды.

Бұған қоса Жәркен Бөдешұлы атындағы арнайы жүлдеге Алтынбек Мерсадықов, Аманхан Әлім атындағы арнайы жүлдеге Нұртас Тұрғанбек лайық деп танылды.

– Дуэльдің бір ерекшелігі – өлеңнің әдемі болуымен қатар, өнерпаздың оны нақышына келтіре жеткізуі, сахна мәдениеті сияқты қырлары ескерілді. Сонымен бірге, қарсыласы оқыған өлең тақырыбына сай, оған сол төңіректегі шығармасымен жауап беруі керек болды. Осындай ережелері арқылы жыр сайысы жас қаламгерлердің жаңа мүмкіндіктерін аша білді, – деді байқау жүлдегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Дәулет Жадырасын.

«Жәркент Бөдеш» атындағы арнайы жүлде — Мерсадықов Алтынбек  (Орал қаласы;)

«Аманхан Әлім» атындағы арнайы жүлде —  Тұрғанбек Нұртас лайық деп танылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР