2024-04-23 18:25:20
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент конгресс-холл құрылысы келесі жылы аяқталады

Шымкент конгресс-холл құрылысы келесі жылы аяқталады

“Шымкент Сити” аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың  құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Былтыр қазығы қағылған ғимарат құрылысы заман талабына сай жүргізілуде. Жер көлемі 5,240 га, құрылыс ауданы – 16 166,65 м2. Жұмыс барысын арнайы барып көрген қала әкімі М.Әйтенов құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне басты назарды сапаға беру керектігін ескертті.

Конгресс-холл болашақта жергілікті және Республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ.

Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орындық конференц залы,  80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет, асхана және көлікке жер асты тұрағы қарастылырған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР