2024-04-25 01:56:53
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Шымкент барысы»: 26 балуан күш сынасады

«Шымкент барысы»: 26 балуан күш сынасады

Шымкентте  қазақша күрестен «Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасады.

Жарыс Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның жеңіл атлетикалық аренасында өтуде. Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, балуандарға сәтіллік тіледі.

– ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДАН КЕЛЕ ЖАТҚАН АСЫЛ МҰРАМЫЗ. БІЗ ОНЫ КӨЗІМІЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАП, ДАМЫТУЫМЫЗ КЕРЕК. БҰЛ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫМЫЗ АЗ ЕМЕС. ОНЫҢ АЙҒАҒЫ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ БИІК ТҰҒЫРЛАРДАН КӨРІНГЕН, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ӘЛЕМ БАРЫСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ, ЕВРАЗИЯ БАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ — ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ — ӘДІЛЖАН ИСТАБАЕВТЫ АЙТЫП ӨТУГЕ БОЛАДЫ. БҮГІНГІ ЖАРЫС БАРЫСЫНДА БАЛУАНДАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН, -ДЕДІ ҚАЛА ӘКІМІ М.ӘЙТЕНОВ.

Жарысқа Әлем және Азия Чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер қатысып жатыр.

Қазіргі таңда қаланың 4 спорт мектебінде қазақ күресімен 466 спортшы кәсіби түрде шұғылдануда.  Бүгінгі «Шымкент барысында» 1-2 орын алған балуандар шілде айында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысында Шымкенттің намысын қорғауға жолдама алады.

Айта кетейік, аталған спорттық іс шара маусым айында тойланатын қала күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Жүлделі 1-орын  Ерсұлтан Мұзаппаровтың қанжығасына байланса, 2-орын Нұрсат Темірханға бұйырды. Жауырыны жерге тимеген қос балуан  ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турнириіне жолдама жеңіп алды. Алдағы уақытта олар Шымкенттің намысын қорғайтын болады. Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Ерсұлтан Мұзаппаровқа автокөлік сыйлыққа  берілсе, Нұрсат Темірханға қаржылай 350 000  тенге, 3-орын иегері Нұрсұлтан Қожагелдіге қаржылай 150 000 теңге сыйлық табысталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР