2024-04-20 01:19:51
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Әл -Фараби кітапханасы рухани танымдық жобаға белсене қатысуда

Шымкент: Әл -Фараби кітапханасы рухани танымдық жобаға белсене қатысуда

Шымкент шаhарында қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен «Кітап – жан дәрумені» атты танымдық жобасы басталған болатын. Яғни, кітапханалар тарапынан үшінші мегаполистің бірқатар денсаулық нысанына шағын кітап бұрыштары орналастырылуда. Өз кезегінде бұл шараға Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы да белсенді атсалысуда.

Тарқатып айтсақ, аталған кітапхана Нұрсәттегі нөмірі үшінші емханаға 27 кітап орналастырды. Ал алдағы уақытта бұл рухани ордаға бекітілген денсаулық нысандарына бас-аяғы алпысқа тарта кітап орналастыруды жоспарлап отыр.

Бұл жобаның – мақсаты қала тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапханаларды және олар тарапынан көрсетілетін қызметтерді кеңінен таныту. Одан бөлек, қаладағы күрделенген эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауруханаларда ем алушының қатары артуына орай оларға рухани көмек көрсету. Яғни жоба бүгінгі індеттен зардап шеккен науқастар емханаға орналастырылған кітаптарды оқып, ойын жақсы жаққа бұрып, дертінен тезірек айығып шықса деген ниетте ұйымдастырылып отыр. Айта кетейік, қазіргі таңда 12 ауруханада бастау алған бұл жоба басқа да қалалық ауруханаларда жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР