2024-04-27 01:20:10
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мәңгілік ел- мәртебелі тіл!

Мәңгілік ел- мәртебелі тіл!
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсаңында Шымкент қаласы Әдістемелік орталының жұмыс жоспары негізінде 2021 жылдың 06.09-10.09 аралығында «Мәңгілік ел — мәртебелі тіл» тақырыбында Білім басқармасына қарасты 140 білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқушылармен бірге Тілдер мерекесіне орай іс-шара жоспары бекітіліп, апталық ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты — мемлекеттік тілді кеңінен қол¬да¬нуды насихаттау, халықты бі¬ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын¬дыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту.
Мерекелік іс-шара барысында бекітілген жоспар негізінде білімалушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, халықты бі¬ріктірудің маңызды факторы мемлекеттік тіл екенін өскелең ұрпаққа ұғын¬дыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған жұмыстар көңілге қонымды, білімалушылар үшін қызықты болды.
Атап айтар болсақ, №46 мектеп-лицейде 11 сынып (орыс) оқушылары арасында «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» әдеби кеш ұйымдастырылды.
Аталған шараға мектеп-лицейдің барлық 11 сыныптағы өзге ұлт өкілдері белсенді қатысты. Әдеби кеш барысында қазақ тілінің бұдан әрі дамуының өзекті мәселелері талқыланып, Қа¬зақ¬стан жастарын отансүй¬гіш¬тікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілге құрметпен қарау сияқты мә¬се¬лелер ортаға са¬лынды. Мерекелік іс-шара мектеп-лицейі басшыларының құттықтау сөзі¬мен ашылды. Кең, жарық фоеде ғалым, жазушылардың қазақ тілі ғылым туралы жазған еңбектері мен кітаптарынан көрме ұйым¬дас¬тырылды.Көрмеде барлығы 200-ге жуық әр түрлі тілде түрлі кітаптар, 10 шақты электрондық оқулық пен 10 мультфильмі көпшіліктің назарына ұсынылды.
Бүгін, апталықтың екінші күні С.Нұрмағамбетов атындағы 72 жалпы орта білім беретін мектепте «Тіл мәртебесі-ел мерейі» тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен жас маман Ділдабек Ерасыл сиясы кеппеген төл туындысын, Исманова Разия ән шашуын тарту етті. Пән бірлестігі оқушыларды ұшқыр ой мен шешен тіл интеллектуалды ойынына шақырып,олардың алған білімдерін жинақтай отырып, шапшаңдық пен белсенділіктерін арттыра түсті.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ТОжШқ ПҚБАИ тренерлері «Қиындық туғызған салалар мен сұрақтарды талқылау» тақырыбында ұйымдастырған шебер-сынып пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына ықпал етті.
Қаламыздағы «Тіл» мерекесіне орай, № 15 Д.Менделеев атындағы мектеп-лицейінде барлық ұстаздар мен оқушылар белсене ат салысты. «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында бастауыш сыныптың 3,4 — сыныптары арасында «Ана тілі -қанатым» тақырыбында ашық сабақ және мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа алдын-ала дайындалған жоспар бойынша әдемі көрнекі құралдар жасалып, кабинет мерекеге сай безендірілді. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған оқушылар тобы керемет тіл туралы өлеңдерін оқып, іс — шараға қызыға қатысты. Мақал — мәтелдер сайында оқушылар тіл туралы қазақ-орыс тілінде қазақ мақал-мәәтелдерін жаттап, мәнерлеп айтып, жүлделі орындарға ие болып, оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметі арта түсті.
«Мұғалім — мектептің тірегі» — дей келе пән мұғалімдерінің жүйелі жұмыстары негізінде оқушылармен бірге Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған апталық мақсатына жетті деген ойдамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР