2024-04-25 15:52:47
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Jas Leader Akademiiasy

Jas Leader Akademiiasy
2021-2022 оқу жылы Болат Өтемұратов қоры мен Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов арасында арнайы жасалған Меморандум негізінде басқармаға қарасты 25 жалпы орта білім беретін үйымдарда «Jas Leader Akademiiasy» пилоттық жобасы өз жұмысын бастады. Жоба аясында 49 педагог пен 2 әдіскер дайындық курсынан өтіп, тренерлік сертификатқа ие болды. Қазіргі таңда жиырма бес мектепте сертификатталған мұғалімдерге вариативтік компонент есебінен сағаттар бөлініп, 5-11 сынып оқушыларын көшбасшылыққа дайындау мақсатында факультатив сабақтар жүргізілуде.
Бағдарлама бес жылға жоспарланған және өзінің бастауын Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан алып отыр. Жоба барысында ай сайын кездесулер, тоқсан сайын шағын конференциялар, сондай-ақ Алматы қаласында қорытынды форумдар өткізіліп, оқушылар өз жобасын қорғайтын болады. Жобаның нәтижесінде мемлекет пен қоғамның дамуына оң әсер ете алатын әлеуеті бар көшбасшылар қалыптасатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР