2024-03-29 03:18:16
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Ізгілік мекені» атты телебағдарлама көрерменге жол тартты

"Ізгілік мекені" атты телебағдарлама көрерменге жол тартты
Шымкент қаласының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» атты телебағдарлама жарық көрді. Бағдарламаның басты мақсаты – оқырмандарды кітапханаға тарту, елге елеулі қоғам қайраткерлері, дара тұлғалармен қатар өмірге құштар өнерлі, дарынды мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу кештерін ұйымдастыру, сұхбаттар өткізу және кітапхана имиджін көтеру.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында еліміздің рухани дамуына елеулі үлес қосып, еңбек сіңірген мәдениет, әдебиет, өнер саласының өзіндік орны бар тұлғалармен кездесу арқылы зағип жандар өмірге құштарлығы артып, алға ұмтылары сөзсіз. Бағдарламаны тізгіндеп, ұйымдастыруға жауапты – «Ерекше жандар», «Шалқар шабыт» айдарларының жүргізушісі, арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев.
«Ізгілік мекені» телевизиялық жобасы кітапхана ғимаратында екі аптада бір рет жарыққа шығып отырады. Бағдарлама еркін форматта сұхбат ретінде өткізіледі. Бағдарлама уақыты – 20 минут. Бүгін кешкі сағат 20.30-да «ОҢТҮСТІК» телеарнасының «ІЗГІЛІК МЕКЕНІ» телебағдарламасында кезекті шығарылым көрермен назарына ұсынылмақ. Кеш қонағы – белгілі жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы. Әдемі кешті назардан тыс қалдырмай тамашалауға шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР