2024-03-28 13:43:46
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Хәкім Абай музейіндегі бас қосу

Хәкім Абай музейіндегі бас қосу
Бүгін Хакім Абай музейінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Пайда ойлама, ар ойла…» тақырыбында семинар өтті. Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев пен Ішкі саясат және жастар істері басқармасы «Рухани жаңғыру»» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиынға қаладағы барлық басқарма қызметкерлері мен аудандық әкімдік мамандары да қатысты. Әңгімеге арқау болған тақырып аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ «Абайтану» ғылыми-оқу орталығының аға ғылыми қызметкері ф.ғ.к., доцент Мақсат Әліпхан және осы оқу орнының «Мұхтартану» ғылыми орталығының жетекшісі Ақжол Қалшабек кеңінен дәріс оқыды.
Абай мұрасын, оның зерттелу тарихы мен шығыс әлемімен байланысын бүкіл саналы ғұмырында терең зерттеп, зерделеп, көпшілікке насихаттап айтудан жалықпай келе жатқан белгілі абайтанушы ғалымдар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі адамгершілік, ар туралы ойларын ортаға салды. Жиын соңында Ақжол Қалшабек келушілерге баспадан енді ғана шыққан «Елдік сұлбасы немесее ұлттық рух жайлы толғаныс» деген кітабын таныстырды. Семинар қатысушылары Хакім Абай музейінде экскурсия жасап, құнды мағлұматтармен танысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР