2024-04-16 14:33:24
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Эльжана Таниева Болгариядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Эльжана Таниева Болгариядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Шымкенттік спортшы Эльжана Таниева көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. 4-6 сәуір күндері Софияда (Болгария) «Sofia Cup» халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.
Жарысқа 16 елден 50 үздік спортшы қатысты. Қазақстаннан екі спортшы бақ сынаған болатын. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эльжана Таниева екі жаттығуда үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Таспа жаттығуы бойынша Эльжана Таниева финалда 20,55 ұпаймен, шығыршық бойынша 22,3 ұпаймен жеңімпаз атанды.
Эльжана Таниева Шымкент қаласының № 9 көркем гинастика спорт мектебінің шәкірті екенін айта кетейік.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР