2022-07-02 01:29:52
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Діни конфессия өкілдері арасында Спартакиада басталды

Шымкент қаласында діни конфессия өкілдері саламатты өмір салтын насихаттап, спорт бәсекесінде бас қосуды дәстүрге айналдырған.
Шымкент қаласының Дін істері басқармасы және Сарын Қоғамдық Қайырымдылық Қорының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында Спартакиада басталды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Әбдірахманов сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
Шыңғыс Жұмабекұлы спорт бәсекесі арқылы түрлі діни конфессия өкілдері арасында келісім мен өзара құрмет бекемделе түсетінін атап өтті.

«Аламан» спорт кешеніндегі сайысқа қаладағы діни бірлестіктерден және басқармадан 10 команда қатысуда. Атап айтқанда, футбол, үстел теннисі және шахмат бойынша тартысты бәсекелер өтеді.

22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында іріктеу турнирі өтсе, 15 қазан күні финалдық сайыстар ұйымдастырылады. 18 қазан күні жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.
Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан Алғыс хатқа ие болып, жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен кубок табысталады. Жарыс толықтай медициналық қызметкердің қатысуымен және карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып, өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР