2024-06-13 21:12:49
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні өтті

«Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні өтті

«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» мекемесінде ашық есік күні өтті. Іс-шарада студенттер мен оқушылар «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жоба аясында мұрағатта сақталған тың құжаттармен танысып, олардың қалай сақталатынын көрді. Одан бөлек, архив қызметінің бағыты бойынша таныстыру экскурсиясы жүргізілді. Жиынға қалалық мемлекеттік архивінің жеке текті қорын құрушылар, ҚР мәдениет қайраткері, белгілі актер Мұқан Шакиров және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Фатима Жүнісова қатысып, еңбек жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті.

–Өнер мен әдебиет жолында көп еңбектеніп, мол тәжірибе жинадым. Бірнеше кітаптарым жарыққа шықты. Соның барлығын Шымкент қалалық мемлекеттік архиві мұрағатына өткіздім. Былтыр аталған мекемеге қорық құрушы ретінде тіркелдім. Қалымыздың студенттері мен оқушыларымен жиі кездесіп, оларға өткенді ұмыттырмай, архив ісін таныстырып отырамыз, – деді Фатима Жүнісова.

Ашық есік күнінде жастар өз өңірінің өткенімен танысты.

–Республика бойынша 220 мемлекеттік архив болса, сол мекеменің барлығында бүгін ашық есік күні жарияланып, түрлі деңгейде іс-шаралар өтіп жатыр. Шымкент қалалық мемлекеттік архиві де қалыс қалмай, таңертеңнен бастап студенттер мен оқушыларға тарихи дәріс өтіп, архивтерді таныстырып, экскурсия жүргіздік. Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттері «Туған өлке» сурет салу байқауына қатысты. Ресей, Өзбекстан мемлекетінен алынған құнды тарихи құжаттар негізінде баяндама жасалып, жастар деректі фильмді тамашалады, – деді Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Алтын Кеңесқызы.

Айта кетейік, қалалық архив мұрағатында 413 қор мен 200 000-ға жуық құжат сақталған. 5 бөлім бойынша 48 маман жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР