2021-10-26 14:08:13
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

2021 жылғы «Оскар» сыйлығын табыстаудың жүргізушілері белгілі болды

2021 жылғы "Оскар" сыйлығын табыстаудың жүргізушілері белгілі болды 1

2021 жылғы «Оскар» жүргізушілері актер Брэд Питт пен актриса Зендая болады. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылардың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды,- деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Марапаттау рәсіміне Холли Берри, Хоакин Феникс, Лора Дерн, Рене Зеллвегер, Риз Уизерспун және Харрисон Форд сияқты танымал актерлер қатысады. Олар сыйлық лауреаттарына алтын мүсіншелерді береді.

2021 жылғы «Оскар» жүлдесін тапсыру рәсімі АҚШ-та ғана емес, Франция мен Ұлыбританияда да өтеді. Бұл үміткерлердің коронавирус пандемиясына қарамастан рәсімге жеке қатысуы үшін қажет.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от The Academy (@theacademy)


Алайда осы жаңалыққа қарамастан, ұйымдастырушылар барлық қатысушыны негізгі іс-шара өтетін Лос-Анджелеске жеке келуге шақырды. Карантинге байланысты шығындарды барлық қонаққа рәсімнің серіктестері өтейді.

«Оскар» табыстау рәсімі 25 сәуірде Лос-Анджелестегі Dolby Theater ғимаратында өтеді. Іс-шара дәстүр бойынша америкалық телеарналар мен желіде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР