2024-11-24 18:36:22
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Солтүстік саяжай сапалы электр қуатымен қамтылды

Солтүстік саяжай сапалы электр қуатымен қамтылды

Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту толығымен аяқталып, тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жұмысы басталды.

Қала әкімі аумаққа арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері де болды.

Құрылыс барысында 4 773 электр бағанасы мен 70 трансформатор орнатылып, 145 шақырым электр желілері тартылды.

Бұған дейін Солтүстік саяжай елдімекені тұрғындары жекеменшік желіден сапасыз электр қуатын тұтынып келген болатын. Ең бастысы, осыған дейін тұрғындарымыз 1кВ электр қуаты үшін 30-35 ₸ төлеп келген болса, қазір ол баға арзандап, 17,96 ₸ түсті.

Енді тұрғындар қажетті құжаттарды «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мекемесіне өткізу арқылы мемлекеттік желіден электр тұтына алады.

Жалпы жұмыс нәтижесінде, Солтүстік саяжайдағы 5 784 абонент сапалы электр қуатымен қамтылмақ.

Айта кетейік, биыл сапалы электрмен қамту мақсатында 6 елдімекенде құрылыс жұмысы қарқынды жүруде.

Жыл қорытындысымен, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмысы аяқталып, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алады.

Биылғы қамтылу көрсеткіші 98 пайызға болса, 2023 жылы мегаполистегі барлық елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Шаһар аумағында 81 елді мекен болса, бұған дейін соның 65-інде ғана тұрғындар сапалы электр қуатын пайдаланып келген. Қалған 16 елді мекенде халық қуатты жекеменшіктегі трансформатордан алатын еді. Ол бір жағынан қымбат, екінші жағынан тұрақсыз әрі кернеуі төмен.

Аталған проблеманы шешу мақсатында Шымкентте 2 қосалқы станция салынып, осылайша, мегаполисте халықты сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші өткен жылы 97 пайызға жеткен еді.

Халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары биылғы жылы да жалғасын табуда. 2022 жылға қала бюджетінен бұл бағытқа 7 миллиард 266 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл қаржы 13 нысанның құрылысын жүргізуге және 1 нысанның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге жұмсалады. Қала әкімдігінің мәліметі бойынша Шымкентте халықты сапалы электр қуатымен қамту мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР