2024-11-25 23:52:43
3.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанның алтын-валюта резерві айтарлықтай өсті

Қазақстанның алтын-валюта резерві айтарлықтай өсті

Әлемдік экономикадағы жаһандық тұрақсыздық пен құлдырауға қарамастан Қазақстанның алтын-валюта резерві айтарлықтай өсіп, 2020 жылдың қарашасында 33, млрд долларды құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,8 пайызға жоғары, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Еліміздің алтын-валюта резервінің артуы алтын қоржынының өсімімен байланысты. Өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 26,9 пайызға артып, ақшаға шаққанда 23,2 млрд долларды құрады. 2015 жылдан бері еліміздің резервтеріндегі алтын үлесі тұрақты артып келеді. Осы жылдың қазанында алтын-валюта резервіндегі оның үлесі 69,1 пайызға жетті.

Алтын үлесінің айтарлықтай өсімі еліміздің Ұлттық банкінің бағалы металлды жаппай сатып алуы мен қоржынын әртараптандыруға байланысты болып отыр. Коронавирус пандемиясы туындатқан дағдарыс, сонымен қатар энергия ресрустары нарығындағы айқынсыздық жағдайында алтынға инвестиция салу барынша өзекті бола түсуде.

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 13-орында тұр. 2014 жылдың 4-тоқсанында еліміз аталған рейтингтің 23-сатысында болған еді. Сол жылдан бастап ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта қорына осы бағалы металды сатып алу қарқынды жүргізіліп, осы жылдың қарашасында оның салмағы 383,3 тоннаға жетті.

ҚР Ұлттық банкі 2014-2019 жылдары аралығында ғана 215,2 тонна алтын сатып алды. Бұған қоса, еліміз осы жылдың 3-тоқсанында алтын сатып алуда әлемнің ТОП-5 елінің қатарына кірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР