2024-11-25 07:13:57
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ақжайық ажарланып, қала көшелері жарық бол түсті

Ақжайық ажарланып, қала көшелері жарық бол түстіАқжайық шағынауданын инжинерлі-инфрақұрылыммен қамту мақсатына орай қазір мұнда да кәріз жүйесінің құрылысы қызу қарқын алған. Сметалық жобаға сәйкес, ұзындығы 22,1 шақырым кәріз жүйесі салынуы тиіс. Осыған орай, бюджеттен 686,1 млн теңге қаралып отыр. Құрылысы биыл басталған нысанда қазір жұмыстың жартысына жуық бөлігі орындалған. Жұмысты аяқтау мерзімі 2023 жылдың тамызына қарай жоспарланып отыр. Пайдалануға берілсе, шағынаудандағы 4200 үй кәріз жүйесіне қосылатын болады. Жаңа кәріз жүйесін шағынаудан халқымен бірге кәсіпорындар, мектеп пен балабақшалар да пайдаланбақ.

Ақжайық шағынауданында 35 көпқабатты үй болса, қалғаны жеке сектордағы тұрғын үйлер. Ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған. Аталған шағын ауданда 3 мектеп пен 12 балабақша бар. Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен бірге шағын ауданда осы жылы 13 көше орташа жөндеуден өтпек.

Атап айтқанда, Жағатай көшесінің жалғасы, Оразбай ата, Бетеге жалғасы, Жағатай көшесінің жалғасындағы атауы жоқ көше, №12 көше, Сарбаз көшелеріне асфальт төселеді. Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары қаланың орталық көшелері ғана емес, ауданның ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Бүгінде жоспарланған 308 көшенің 145 көшесі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, бүгінге дейін Ақжайықта 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесіне жарық барса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне жарықшамдар орнатылады.

Мұнымен қоса, Шымкент қаласында 2020 жылы 39 көше жарықтандырылып, қаланы қамту көрсеткіші 24 пайыздан 29,5 пайызға өскен еді. 2021 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 104 көшеге жарықшамдар қойылды. Нәтижесінде бүгінде 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Қосымша 12 көшенің жарықшамы қайта жөнделді. Биыл да аталмыш жоба аясында 102 көше жарықтандырылмақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР