GGG спорт залынан бөлек жағажайда жиі жаттығу жасайды. Головкин 18 желтоқсанда өтетін жекпе-жеке дайындалып жатыр, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Sputnik.kz сілтеме жасап.
IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жағажайдағы жаттығуын көрсетті. 18 желтоқсанда Холливуд қаласында (АҚШ, Флорида штаты) Головкин — Шеремета жекпе-жегі өтеді.
? ?@GGGBoxing putting the work for December 18 as he looks to make it a record-breaking night in Florida! ?#GGGSzeremeta | Live on @DAZNBoxing pic.twitter.com/NfxazD4klr
— Matchroom Boxing (@MatchroomBoxing) December 6, 2020
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Twitter парақшасында GGG-дің жағажайда қандай жаттығу жасайтынын көрсетті. АҚШ-та жүрген боксшымыз жылдамдық пен төзімділікті шыңдауға арналған жаттығулар кешенін жасап шықты. Атап айтқанда, құммен жүгіру, екі аяқты байлап қойып соққы жасау, қарсыластың соққысын тигізбеу және тағы басқа техникалар бар.