2024-11-25 06:34:00
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жаңа бизнеске грант ұтып алуға мүмкіндік көп

Жаңа бизнеске грант ұтып алуға мүмкіндік көп

ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы түзілген меморандум шеңберінде 14 517 адамды тұрақты жұмыспен қамту белгіленсе, бүгінде осының аясында 12 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасып, жоспар 86 пайызға орындалып отыр.

Осы орайда аталған мақсатты іске асыруда әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз азаматтарға жеке кәсібін ашуға мүмкіндік беретін тегін гранттар ұсыну жобасы қарастырылған. Оның мөлшері бұрын 200 АЕК, яғни 589 мың теңге көлемінде болса, биыл берілетін грант құны өсіп, 400 АЕК немесе 1225 мың теңгеге жетті. Алайда грант конкурсына қатысу үшін алдымен міндетті түрде Бизнес бастау оқу курсынан өтуі тиіс. Аты айтып тұрғандай, бұл курста бизнестің әліппесі үйретіледі. Қатысушылар кәсіпкерліктің білімнің негіздеріне қанығып, бизнес жоспардың қалай жасау керектігін және басқа да қырларын меңгеріп шығады.

Айтқандай, оқу курсы электронды еңбек биржасындағы платформада 14 күн бойы өтіледі. Грант алу үшін кәсіпкерлік негіздерін оқу жыл бойына жалғасады. Тіпті ұялы телефон арқылы тіркеліп те оқу курсына қатысуға болады. Ең бастысы 12 сабақтан тұратын курс соңында тест болып, одан өту үшін қорытынды нәтиже 70 пайыздан төмен болмауы керек.

Гранттық жобалар конкурсы сәуір айында ұйымдастырылып, қорытындысы мамыр айында белгілі болды. Байқау нәтижесі көрсеткендей, грантқа ие болған 226 адам анықталды. Оның 69-ы жастар болса, 157-і осал топқа жататын қоғам мүшелері. Енді байқаудың екінші легі тамызда өтеді. Өтінім қабылдау электронды нұсқада Бизнес еңбек порталында жүргізіледі.

Өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдаудың күні өткен. Олардың бәрі электронды әдіске көшкен. Жалпы жұмыспен қамту мекемесі арқылы берілетін мемлекеттің гранттың көлемі қомақты емес. Сол үшін де ол жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін үлестіріледі. Көбінесе мемлекеттің тегін көмек ақшасын алатындар аспаз, тігінші, кондитер тағы сол секілді сервистік қызмет саласында жеке кәсібін бастауға ниет білдірген жандар. Олар бұл қаражатқа тиісті құрал-жабдықтар сатып алады. Айтпай кетуге болмас, грант қаржысы несие қарызын жабуға немесе басқа да кәсіпкерліктен өзге мақсаттарға берілмейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР