2024-11-25 18:53:22
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ұлттық жоба шеңберінде жұмыс орындары көбейеді

Ұлттық жоба шеңберінде жұмыс орындары көбейеді

2022 жылдан бастап «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі өзгеріп, төленетін еңбекақысы көтерілді. Мұндай өзгеріс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сайкес, жастар арасында жұмыссыздық денгейін азайту мақсатында қабылданды.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға, еңбекақысы 91 890 (30 АЕК) теңгеге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі 18 айға, төленетін еңбекақысы 30 айлық есептік көрсеткішке өскенін айтады.

Биыл ҚР Үкіметінің қаулысымен «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде қалада 33 500 адамды жұмыспен қамту іс-шарасына қатыстыру қарастырылса,  20 759 азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.

Соның ішінде Шымкентте  2022 жылы  24 196 жаңа жұмыс орнын құру жоспарда бар. Оның 14 157-і тұрақты, 9 679-ы уақытша.  Ұлттық жоба негізінде 10 522 жұмыс орны ашылады, 13 674 азамат жеке бастамалар арқылы еңбекке тартылады.

Өткен жылы 29 жасқа дейінгі  2 578 азамат «Жастар практикасына», 351 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 3 064-і қоғамдық жұмысқа, 118 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен және 23 421 адам бос жұмыс орындарына орналасқан.

Сонымен бірге 2021 жылы 700-ден астам азамат грантқа қол жеткізсе, оның ішінде 200-і жастар санатындағылар (29 жасқа дейінгі). Ал, 2022 жылы 1000-нан астам азаматқа бірнеше лек бойынша грант тағайындау көзделіп отыр.

Бұдан өзге, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 679 отбасыға (57 407 адам) тағайындалды. 2022 жылдың 2 тоқсаны, яғни сәуір айы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік 4 431 аз қамтамасыз етілген отбасыға (20 762 адам) тағайындалған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16 033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар. 73 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР