2024-11-25 18:40:35
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қалада коммуналдық мәселелер шешімін тауып келеді

Шымкент қаласында 2021 жылы 2 қосалқы стансаның құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде  21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Бүгінгі таңда шаһарға қарасты 81 елді мекеннің 73-і сапалы электр энергиясына қол жеткізді. Ол шамамен 97 пайыз көрсеткішті құрайды. 2024 жылға қарай электр қуатымен қамтылу деңгейі 99 пайызға жетпек.

Бұл туралы Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков мәлімдеп отыр.

Қаланың бас энергетигінің айтуынша, 2022 жылы 12 нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 1 қосалқы станция салынып,  22 мыңға жуық халық сапалы электр қуатына қосылмақ.

Мегаполисте басқа да коммуналдық мәселелер шешімін тауып келеді. Мәселен, 2021 жылы Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле, Нұртас елді мекендерінің тұрғындары көптен күткен «тіршілік нәріне» қол жеткізді. 2022 жылы Құрсай, Сайрам, Қайнар бұлақ тұрғын алаптарына ауыз су құбыры тартылатын болады. Нәтижесінде сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға жеткізілмек.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының таратқан мәліметіне сәйкес, 2021 жылы Тұран шағынауданындағы кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, ондағы көпқабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды. Одан бөлек, Наурыз шағынауданының 3,5 мың және Самал-1 шағынауданындағы 22 мыңдай тұрғын кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 52,3 пайыздан — 54 пайызға жетті. 2022 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясының және 13 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ өткен жылдың қорытындысы бойынша үшінші мегаполисте 104 көше жарықтандырылған. Қалада жарық шамдар орнатылған маңызды көшелер саны 324-ке жетіп, қамту көрсеткіші 30 — дан 43,4 %– ға өсіп отыр. Бұл нәтижені арттыру мақсатында биыл қосымша тағы 102 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Осыған байланысты  қазіргі таңда аталған жобаның ЖСҚ-сы әзірленіп жатыр. Жоспарға сай 2022 жылдың соңында жарықтандырылған көше саны 426-ға жетіп, қамтылу деңгейі 43,4%-дан, 57%-ға дейін өседі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР