2024-11-25 19:39:11
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте биыл 500 азаматқа тұрғын үй сертификаты беріледі

Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие  негізінде  «2-10-20», «5-10-20»  бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Аталған әлеуметтік көмек бойынша қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Өтінімдерді қабылдау әзірге басталған жоқ. Алдын ала ақпараттандыру үшін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына – мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер  жатады.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022жылға-37 389теңге) соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (115 905 теңге) болған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдары бұл аталғандарға қосылмайды.

Тұрғын үй сертификатына қажетті құжаттар тізіміне нысан бойынша өтініш, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жекебасын куәландыратын құжат, соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама, жұмыс орынан анықтама, қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің соммасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты кіреді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР