2024-11-25 20:37:10
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 50 спорттық іс-шара өтеді

Шымкентте 50 спорттық іс-шара өтеді

Шымкент қаласында маусым-желтоқсан айларында 50 спорттық  іс-шара өтіп, оған 10 мыңнан астам шымкенттік спортшы қатысады деп жоспарлануда.  Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Атап айтқанда оның:

11-і «Шымкент қаласының чемпионаттары». Спорттың жеті түрінен (садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, дзюдо, қазақ күресі)  өтетін жарысқа 2 мыңнан аса бала қатысады деп жоспарлануда.

16-ы «Қазақстан Республикасының чемпионаттары». Ол спорттың 11 түрінен (футбол, волейбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қол добы, қазақ күресі, конькимен мәнерлеп сырғанау, каратэ, шорт-трек) өтеді. Аталған іс-шараға 3 600 бала қатысады деп күтілуде.

23-і «Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар». Бұл спорттың 15 түрі бойынша (футбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс,  таэквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стенд ату, оқ ату, шорт-трек) ұйымдастырылады. Жарысқа 5 мыңға жуық бала қатыспақ.

Спортшыларымыз байрақты бәсекеде  өз шеберліктерін көрсетіп, биіктерді бағындырар деген сенімдеміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР