2024-11-23 22:37:53
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: ауған соғысы ардагерлерінің айтары бар

Түркістан: ауған соғысы ардагерлерінің айтары бар

Бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданында партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауған ардагерлерімен «Ел – ерімен мақтанар» атты кездесу өтті. Өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастырып, батырлық қасиеттерді сіңіру, сұрапыл жылдарда от кешкен майдангер батырлардың ерлік жолын насихаттау мақсатында өткен іс-шараға ардагерлер, аудан жастары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман ашып, жүргізіп отырды.

«Кеңес Одағы тұсында қазақ жігіттері Ауған соғысына қатысып, өздерінің Отан алдындағы азаматтық парызын өтеді. Қиындықтарды бастан өткерді. Майданда шыңдалған бұл азаматтар бүгінде тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосуда. Бүгінде ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен берекесі жарасқан еліміз «Nur Otan» партиясының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында «Мәңгілік Ел» жолында нақты қадамдар жасап келеді. Бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаған егемендігімізді ұлықтап, бейбіт күннің парқын сезінуіміз керек», – деген Абай Тінейбайұлы қан майданда ауыр сыннан өткен сардарлар мен сарбаздардың ерлігі ел есінде болатынын атап өтті.

Басқосуда «Ауғанстан соғысы ардагерлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Отырар аудандық филиалының төрағасы Серік Ақылов пен ардагер Сейітқали Жүнісов сұрапыл кезеңдерден естеліктер айтып, дүниеде елдің тыныштығы мен тәуелсіздігінен асқан бақыт жоқ екендігін сөз етті. Сондай-ақ ардагерлер жастарды Отан алдындағы борышын өтеуде, егемен елдің көк туын биік ұстауға, туған елге адал қызмет етуді үндеп, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Түркістан: ауған соғысы ардагерлерінің айтары бар

Еске сала кетсек, осыдан 31 жыл бұрын Ауған соғысына КСРО аумағынан мыңдаған сарбаз қатысқан болатын. Деректерге сүйенсек, осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 269. Соғыс даласында Қазақстан мыңға жуық боздағынан айрылса, 1015 жас елге мүгедек болып оралып, 21 солдат іс-түзсіз кеткен.

Сұм соғысқа Түркістан облысынан екі мыңнан аса азамат ілініп, ауған қасіретін көзбен көрсе, Отырар өңірінен 32 сарбаз соғыс майданында қолдарына қару алған. Бүгінде көзі тірі 11 отырарлық ардагер еліміздің өркендеп, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болуына өз үлестерін қосып келеді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық
филиалының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР