Түркістан облысының Шардара ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шаралары қарқынды түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ауданда тіркеуге алынған 3273 мүмкіндігі шектеулі азамат протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық, гигиеналық, сурдоқұралдар мен қоларбалармен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңға дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажетті сұраныстарын қанағаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін өтініш берген барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар толығымен қоларбамен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.
Оған қоса, санаторий-курорттық емделуге 271 азамат жолданған. Облыстық басқарма тарапынан қосымша шипажайларға 100 жолдама бөлініп, олардың барлығы тізімдегі азаматтарға таратылуда.
Айта кетейік, ағымдағы жылы ауданда әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған.