Шымкентте көшелерді қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу шаралары өз деңгейінде атқарылып жатыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Осы мақсатта коммуналдық 5 мекеме күшейтілген кестеде, 32 бағытта жұмыс істеуде. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары, елді мекендердегі орталық көшелер қардан тазартылды
Айта кетейік, қысқы маусымда қаланы «ЛТД тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» мекемелері коммуналды техникамен қамтамасыз етуде.