Қостанай облысында алдағы демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Архимед Мұхамбетов бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиында мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Қазір өңірде ведомствоаралық комиссияның тапсырмасына сәйкес мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген.