Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырып, «Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыруды жалғастырады.⠀
⠀
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен алдағы 5 жылда төмендегідей істер жүзеге асырылады:⠀
⠀
➢ 2019-2021 жылдары өз ісін бастаймын деген жастарға жыл сайын «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4 500 жасты оқытып, кемінде 2 000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлуін қамтамасыз етеді;⠀
⠀
➢ «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға жағдай жасайды;⠀
➢ 15 мыңға жуық жастарды жастар практикасына бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік береді;⠀
➢ Жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл сайын 900 пәтерден 3 жылда 2700 пәтер беріледі;⠀
➢ 2021-2022 жылдары студенттерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 2 500 орындық жатақхана салынады.⠀
➢ Волонтерлік ұйымдарды қолдау мақсатында, үздік 10 жобаға 1 миллион теңгеден грант бөлінеді;⠀
➢ Арнайы Коворкинг орталығы ашылады;⠀
➢ Көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты іске асырылады.
⠀
ЖАСТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, БАСПАНА, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ БОЛАДЫ.
«Nur Otan» партиясының⠀
Шымкент қаласы бойынша⠀
Сайлауалды бағдарламасынан!
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Аширбаев!