2025-01-15 17:57:29
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қоғам тыныштығына жауапты учаскелік полиция инспекторы

Қоғам тыныштығына жауапты учаскелік полиция инспекторы
Қоғамның тыныштығы қашанда – басты орында. Себебі, тәуелсіз ел іргесінің берік болуы ел ішіндегі тыныштықтан басталары сөзсіз. Осы орайда тікелей халықпен жұмыс істеп, қылмыстың алдын-алуға және профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тәртіпті қадағалайтын учаскелік полиция инспекторларының қызметін ерекше атап өткен жөн. Қоғам тыныштығын күзетіп жүрген полиция қызметкерлерінің бірі – Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Ринат Сансызбайұлы Момбаев.
Заңгер мамандығын иеленген ол бүгінде өзіне жүктелген №26 УПП Қарасу шағынауданындағы аумақтағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Ринат Момбаев 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкенттегі Халықтар Достығы университетін тәмамдап, ІІО-да 2008 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Алғашқы еңбек жолын Қылмыстық атқару жүйесінде бастаған. 2011-2016 жылдар аралығында Ұлттық Ұлан Әскери бөлімінде қызмет еткен. 2016-2019 жылдар аралығында Шымкент ҚПД Кинологиялық қызмет орталығында жұмыс жасаған. Қазіргі лауазымында 2019 жылдан бері қызмет атқарады.
Бүгінде ол өзіне берілген аумақтағы қандай да болсын әкімшілік құқықбұзушылық жағдайларға жол бермеу, оның алдын алу, қылмыстың бетін ашу, полиция пунктіне түскен арыз-шағымдар сияқты көптеген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
– Полиция қызметі жауапкершілігі мол. Әйтседе, осы қызметте жұмыс істеп жатқаныма мүлдем өкінбеймін. Керісінше ішкі істер саласында қызмет етіп жүргенімді мақтан етемін, – дейді қоғамдық тәртіпті сақтауда алдыңғы қатарда тұратын учаскелік полиция инспекторы Ринат Момбаев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР