2024-11-26 09:28:16
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: 2000-ға жуық жұмыскердің жалақы қарыздары төленді

Шымкент: 2000-ға жуық жұмыскердің жалақы қарыздары төленді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бес айдағы атқарған жұмыстарының нәтижелерін баяндады.
Мақсұт Пернебайұлының мәлімдеуінше, жыл басынан бері жұмыскерлерден 488 арыз-шағымдар мен түсіндірме беру жөнінде өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілген. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 76 тексеру жүргізіліп, 89 заңбұзушылық анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша 4,1 млн теңге көлемінде 23 әкімшілік айыппұл салынып, 2,7 млн теңге айыппұл өндірілген.
– Мемлекеттік еңбек инспекторларымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 33 кәсіпорындағы 1959 жұмыскердің 151,2 млн теңге көлемінде жалақы қарыздары төленіп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 12 жазатайым оқиға тіркелді. Жалпы 19 адам зардап шеккен, оның ішінде ауыр жарақат алғаны — 11, жеңіл жарақат алғаны – 7, қайтыс болғаны – 1 адам. Орын алған жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, полиция департаменті мен басқармаларға жолданды, – деді қала әкімінің орынбасары.
М. Исахов қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының атқарған жұмыстарын да атап өтті. Басқарманың бастамасымен 5 айда жалпы 36 талап-арыздар мен хаттамалар азаматтық іс сот қарауына жолданып, жыл басынан бері 8 ғимарат бұзылған. 6 нысан соттың шешімімен мәжбүрлі түрде, 2 нысан меншік иелерімен өз бетінше бұзылды.
Сондай-ақ, жұмыстарын өз деңгейінде атқармағаны үшін 12 техникалық қадағалаушы және 2 авторлық қадағалаушы сарапшыларға жалпы 2520 АЕК (7 355 840 теңге) айыппұл салынып, аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР