Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы 1966 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жамбыл колхозында дүниеге келді. 1973-1983 жылдар аралығында Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген. 1983-1990 ж.ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетінің математикалық анализ кафедрасында білім алды. 1984-1986 ж.ж. Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын атқарды.
1990-1991 жылдары Шымкенттегі Қазақ химия-технологиялық институтының Жоғары математика кафедрасының оқытушысы, 1991-1992 ж.ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің функционалдық анализ кафедрасының стажер-зерттеушісі, 1992-1993 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы М. Горький атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 1993-1996 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің математикалық анализ кафедрасының аспирантурасын бітірді. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы мамандандырылған диссертациялық кеңесте 01.01.02 – дифференциалдық теңдеулер мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындалған диссертациясын сәтті қорғады. 1996-1999 ж.ж. осы аталған Ұлттық университеттің функционалдық анализ кафедрасында аға оқытушы, Республикалық О.Жәутіков атындағы физика-математикалық мектеп-интернатында математика пәнінің мұғалімі болды. 1999-2011 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Шымкент институтының жоғары математика кафедрасында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды.
2002 жылы Американың математиктер қоғамынан 1995 жылы жариялаған мақаласы үшін ғылыми сенім хатын алған. 2011-2012 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының математика кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2012-2016 ж.ж. Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің математика кафедрасының профессоры болып жұмыс жасады. 2016 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің математика кафедрасының профессоры болып қызмет атқаруда.
2002 жылы ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен 01.01.00 – Математика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы, 2014 жылы ҚР БжМ-нің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 01.01.00 – Математика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 2000-2004 ж.ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы, 2016-2018 ж.ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңестердің мүшесі болған. 7 кандидаттық, 2 Ph.D – диссертацияларға ресми оппоненттік жасады. 1-кандидаттық, 12-магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасады.
2015 жылы Алматы Менеджмент университеті тағайындаған «Ғылымдағы Академиялық адалдығы үшін» дипломымен марапатталды. ҚР БжҒМ Ғылым Комитеті 2015-2017 ж.ж. жариялаған «Неусиленно регулярные спектральные задачи: Описание классов краевых условий и устойчивость свойства базисности корневых векторов» тақырыбындағы 0825/ГФ4 ғылыми жобаның Алматыдағы Математика және математикалық модельдеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, ғылыми жетекшісі болды. ҚР БжҒМ Ғылым Комитеті 2021-2023 ж.ж. жариялаған «Вопросы безусловной базисности системы корневых функций оператора Штурма-Лиувилля с линейным вхождением спектрального параметра в краевые условия» тақырыбындағы AP 09260752 ғылыми жобаның Алматыдағы Математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері ретінде ғылыми жетекшілік жасауда.
Web of Science базасында 20 мақаласы Q1, Q3 квартильдерінде жарыққа шыққан, Хирш индексі h=4, Scopus базасындағы 20 мақаласы процентилі 35, 52 –ге тең басылымдарда жарияланған, Хирш индексі h=4. 100-ден астам ғылыми мақалалар мен 4 монографияның, 6 оқу құралдарының авторы.
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың мадақтамасымен, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығы төсбелгісімен марапатталған. 2017 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» жеңімпазы атанды және 2019 жылы ҚР БжҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
ҚР ЖОО ғалымдары арасындағы Тәуелсіз аккредиттеу агенттігі жүргізген ТОП-50 құрамына 2018 жылы 48-ші, 2020 жылы 46-шы орындармен енді. 2020 жылы қарашадан бастап Алматыдағы ҚР ғылыми-зерттеу экспертизалық сараптау кеңесінің математикалық зерттеулер бойынша эксперттік-мүшесі, 2020 жылы осы университеттің ғылыми кеңесінің мүшесі. 2002 жылдан бастап Стратегиялық бағыттағы зымырандық әскердің майоры шеніндегі запастағы офицері.