2024-11-25 06:38:48
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте зейнеткерлерге қамқорлық жылдан-жылға жақсара түсуде

Шымкентте зейнеткерлерге қамқорлық жылдан-жылға жақсара түсуде
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Асыл жүрек» орталығында зейнеткерлерге жақсы жағдай жасалған. Қазіргі таңда онда 80-ге жуық зейнеткерге тегін қызмет көрсетілуде.
Күлайша Бойтанова орталықта ем алушылардың бірі. Күлайша Төлегенқызының зейнетке шыққанына 7 жыл болған. Орталықта желтоқсан айынан бері тегін қызмет түрлерін алуда. 62 жастағы зейнеткер орталықтағы күн тәртібімен бөлісті. Ем алушылар таңертең күнделікті дәрігерлік тексеруден өтеді. Онда қан қысымы, температура және салмақ өлшеу, бел шеңберін динамикада бақылау секілді жалпы жағдайын тексереді.
– Физиотерапия емдеу бөлімінде беломыртқа остеохондрозына «полимаг» аппаратында ем алдым. Бір аптаның ішінде белімнің ауырғаны азайып, еркін қимылдай алатын болдым. Сондықтан осы аппараттың ем нәтижесі жақсы екеніне көзім жетті. Орталықта компьютерлік сауаттылық, «Egov» электронды үкімет порталы курсында бір жолғы жасырын сөз, электрондық цифрлық қолтаңба алу, QR кодпен кіру жолдарын үйрендім. Сондай-ақ, йога жаттығуларының да маған көп көмегі тиді, – дейді ол.
Орталық Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 2019 жылы 7-ші маусымда салтанатты түрде ашылды. Мұнда кардиолог, терапевт, невропатолог, физио-терапевт дәрігер мамандары қызмет көрсетеді.
Ғимарат медициналық тексеруден өту аймағы, интернет — кафе (egov.kz «Электронды үкімет» порталы), емдік-уқалау және кинозал, кітапхана, тренажерлық және спортпен шұғылдану (йога, би, үстел теннисі, бильярд), сенсорлық кабинет, тілдер курсы (қазақ тілі, ағылшын тілі, латын әліпбиі), қолөнермен жұмыс жасау аймақтарымен жабдықталған.
Айта кетейік, «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету функцияларын жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР