2024-11-25 07:13:43
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: «Аlem БТ» зауытының өнімдері шетелге экспортталуда

Шымкент: «Аlem БТ» зауытының өнімдері шетелге экспортталудаБүгінде Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындар шаһардың дамуына сүбелі үлесін қосуда. Осы орайда миллионды қала кәсіпкерлері өзімізден шыққан өнімдердің сапасын арттырып, әлемге танытуды қолға алып отыр.

Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылда жеткен жетістіктерінің бірі деп жылына 24 млн жұп шұлық шығаратын «Аlem БТ» зауытын атап өтуге болады.

«Аlem» зауыты «Оңтүстік» экономикалық аймақта орналасқан. Аумағы 12000 шаршы метр. Тұңғыш президент Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы құрылған. Сондай-ақ “Жаңа идустриалды Қазақстан” жобасының қатарында болған айрықша обьект. Аталған зауыт Оңтүстік Корея технологиясы бойынша салынған. Жақын арада Еуропалық стандарттарға ие болып, әлемдік брендке айналдыруды жоспарлауда.

Бүгінде зауытта әртүрлі дизайндегі сапалы шұлықтар жасап шығарылады. Бағасы да қалта көтерімді. Сұранысқа ие. Әсіресе, шет мемлекеттерден тауарға деген қызығушылық жоғары көрінеді. Қазіргі таңда зауыттағы 75% өнім экспортта. Оның ішінде көрші Ресей, Италия мемлекеттері басты тұтынушы болып отыр.

Айта кетейік, “Alem” зауытының толыққанды қуаттылығы жылына 24 миллион жұп. Алдағы уақытта инвесторлардың қолдауымен Италияның «Lunati» станоктарын алып, қуаттылығын бірнеше есе арттыруды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда фабриканың беделін арттыру үшін арнайы Түркиядан мамандар келіп жұмыс істеуде. Алдағы уақытта зауыт жылдық қуаттылығын арттырып, отандық өнімге деген сұранысты арттыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР