2024-11-25 01:45:03
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте “Нұрлы жер” бағдарламасымен баспаналы болғандардың қатары артуда

Шымкентте “Нұрлы жер” бағдарламасымен баспаналы болғандардың қатары артуда

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов “Ontustik” телеарнасының “Qala uaqyty” бағдарламасында қонақта болып тұрғын үй мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Сұхбат барысында басқарма басшысы “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасының аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

— Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан аймақтар қатарында. Ағымдағы жылы 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылыс басқармасы тарапынан 696 пәтер пайдалануға тапсырылып, оның ішінде 300 пәтері жұмыс істейтін жастарға ағымдағы жылдың 1 тоқсанында табыс етілді. 308 пәтер бойынша тұрғын үй комиссияның шешімі қабылданып, жалдау шарттарын беру толығымен аяқталып, азаматтарға қолданысқа берілді. Ал жыл соңына дейін 368 отбасы жаладамалы баспанаға қол жеткізеді,- деді А. Рысжанов.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 44 940 азамат тіркелген. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының несиелік бағыттары бойынша 1299 азамат өз баспанасына қол жеткізді. 286-сы тұрғын үй кезегінде тіркелгендер.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР