2025-07-31 03:00:17
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

Шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ең үздік ойыншылар іріктеуден өтіп, шахматтың классика, рапид және блиц түрлерінен жеңімпаздар анықталды.
Біршама уақытқа жалғасқан спорттық сайысқа республикамыздың барлық аймағынан жас шахматшылар жиналды.
Алғаш рет Шымкент қаласында ұйымдастырылған ел біріншілігінің мақсаты — «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» брендін қалыптастыру болатын.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған ұлттық біріншілік Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, аса жауапкершілікпен жүзеге асырылды.
Іріктеу сынынан сүрінбей өткен жасөспірімдер енді еліміздің намысын әлем және Азия чемпионатында қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР