Циклонның әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Синоптиктер дабылды ескерту жариялады, — деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдағы дүйсенбіде, 9 қарашада Қазақстанның басым бөлігіне Ақ теңіз аумағынан келетін циклон әсер етеді.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, өңірлерде ауа райы жауын-шашынды болады. Сондай-ақ, республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп болжанып отыр.
- Нұр-Сұлтанда синоптиктер 9 қарашада қар жауып, ауа температурасы түнде 0 -2 градус, күндіз 0 + 2 градус болады деп болжады. Жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.
- Алматыда алдағы дүйсенбіде күн бұлтты болады, жаңбыр жаууы мүмкін. Түнгі ауа температурасы + 3 + 5, күндіз: + 8 + 10 градус.
- Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде + 3 + 5, күндіз + 11 + 13 градус жылы болады.
- Павлодар облысының кей жерлерінде дүйсенбіде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
- Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде секундына 20 метрге дейін жетеді.
- Қызылорда облысында алдағы дүйсенбіде шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
- Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – секундына 23-28 метр.
- Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
- Алматы облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.
- Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
- Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды, көбіне қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
- Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді.