Шымкент бас санитар дәрігерінің карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы жаңа қаулысы жарияланды, — деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев Шымкенттегі карантин және шектеу шараларын 9 қараша 00:00-ден 23 қараша 00:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
65 жастан асқан тұрғындарға қалада қозғалуға шектеу қойылды.
Сондай-ақ, Шымкентте үш адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі.
Гипермаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер және дүкендер 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.