2024-11-25 07:03:16
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 59 көшені асфальттау жоспарланған

Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 59 көшені асфальттау жоспарланған

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында өткен жылы асфальт жол 64,7%, шағал тас 30,4%, топырақ жол 4,9% құраған. Ал 2021 жыл қорытындысында асфальт жол үлесі 6,5% артып, 446,5 шақырым (71,2%) құрайды. Яғни, осы жылға 59 көшені асфальттау жоспарланған. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов мәлімдеді.

Сонымен қатар, 2021 жылы ауданның инфрақұрылымын және кәсіпкерлік бағытын дамытуда жалпы 13,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту үшін негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемін ұлғайту жоспарлануда. Осы жылға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 28 көп қабатты тұрғын үйдің №1,2 хаттамалары түзіліп, оның 13 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжат дайындалған. Оған қоса, «Тоғыс» тұрғын алабындағы №120 мектепке қосымша 300 орындық ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мектеп осы жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, Еңбекші ауданында ретсіз сауда орындарын болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР