2024-11-25 06:36:16
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар онлайн түрде қызметтің 55 түрін алады

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар онлайн түрде қызметтің 55 түрін аладыШымкентте жыл басынан бері әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді. Бүгінде әлеуметтік портал арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызметтің 55 түрін онлайн түрде алуға мүмкіндігі бар.

Осы орайда, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйде отырып, әлеуметтік портал арқылы құжаттарды рәсімдеуді, EGOV-қа кіріп бронь жасауды, тіркелуді және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелеріне кіріп, қолдануды үйретуде.

Айта кетейік, көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Оңалту құралдары протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен сондай-ақ, кресло-арбалар беру қарастырылған. Берілген тапсырыс бойынша оңалту техникалық құралдары үйге дейін жеткізіліп беріледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР