2024-11-25 04:43:13
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 135 мыңнан аса тұрғынның мәселесі шешімін тапты

Шымкентте 135 мыңнан аса тұрғынның мәселесі шешімін таптыШымкенттегі iKomek 109 орталығына бүгінгі күнге дейін барлығы 137 085 арыз-шағым түскен. Оның орындалғаны — 134 483, ал 2602-сы орындалу үстінде. Мысалы, айта кету керек, соңғы мамыр айының өзінде орталыққа 18 176 тұрғын хабарласқан. Оның 17 195 арызы орындалып, шешімін тапқан болса, қалған 981 сұрақ тиісті сала мамандарының қарауында тұр.

Орталық басшысы А.Әміртаевтың айтуынша, тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтардың басым бөлігі қоғамдық көлік, жол инфрақұрылымы, қатты тұрмыстық қалдықтар, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және құрылыс салалары бағытында.

Шағымданушылардан өзге, кеңес алу үшін хабарласатындар да бар. Олардың бірі қоғамдық көліктердің бағыттарын сұраса, кейбірі анықтамалық ретінде нөмірлер сұрап жатады. iKomek 109 орталығының жүйелі жұмысының нәтижесінде 408 кәріз жүйесі, 51 шатыр, 77 лифт жөнделген. Сонымен бірге, 82 экологиялық мәселе шешімін тапқан.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР