2024-11-24 16:47:43
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы оң нәтиже көрсетуде

Шымкент: Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы оң нәтиже көрсетуде
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов мәлімдеді.
– Еңбекші ауданында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2020 жылы тұрғындардан түскен жобалар сараптамалық кеңесте қаралып, басым дауыс жинаған 13 жоба бойынша 24 үйдің ауласын абаттандыруға бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, осы жылы аталған жоба бойынша сәуір айында конкурс жарияланып, 85 жоба түсті. Бүгінде оның 77 жобасы дауыс беруге жіберілді, – деді ол.
Ғалымжан Молдабайұлының сөзінше, Еңбекші ауданында сапалы ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 2020 жылдың қорытындысымен 94,5 пайыз, ал электр жүйесімен қамту 90,6%-ды құраған. Бүгінде Жұмыспен қамту жол картасы аясында Жұлдыз, Жалын, Қарабастау тұрғын алабтарын электр жүйесімен қамту жұмыстары жүргізілуде. Табиғи газбен қамтамасыз ету – 85,4 пайыз. Бұл ретте жекеменшік жүйедегі 5,2% пайыз бен қамтылмаған 9,4%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2021-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізіліп отыр.
Сондай-ақ, Мирас, Шапағат-2 Ұлағат шағынаудандарында кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған ауданда өткен жыл қорытындысымен асфальт жол 64,7%, шағал тас 30,4%, топырақ жол 4,9% құраған. Ал 2021 жыл қорытындысында асфальт жол үлесі 6,5% артып, 446,5 шақырым (71,2%) құрайды. Яғни, осы жылға 59 көшені асфальттау жоспарланған.
Сонымен қатар, 2021 жылы ауданның инфрақұрылымын және кәсіпкерлік бағытын дамытуда жалпы 13,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту үшін негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемін ұлғайту жоспарлануда. Осы жылға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 28 көп қабатты тұрғын үйдің №1,2 хаттамалары түзіліп, оның 13 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжат дайындалған. Оған қоса, «Тоғыс» тұрғын алабындағы №120 мектепке қосымша 300 орындық ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мектеп осы жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, Еңбекші ауданында ретсіз сауда орындарын болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР