2024-11-24 15:39:53
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 600 шақырымға жуық жерге кәріз құбыры тартылуда

Шымкентте 600 шақырымға жуық жерге кәріз құбыры тартылуда
Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл қалада 582 шақырым болатын кәріз құбыры тартылуда. Құрылысы жүргізіліп жатқан 19 нысанның 5-і биылғы жылы пайдалануға беріліп, 18 мың халық тұратын тұрғын үй алаптары кәрізге қосылады. Осылайша, сарқынды су жүйесіне қосылу көрсеткіші 52 пайыздан 54 пайызға артады.
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков кәріз құрылысы басталған «Тассай» мен «Самал-3» шағын аудандарында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.
«Тассай» шағын ауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін осы жылдың сәуір айынан бастап мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобаның жалпы құны 2 244,8 млн.тг. Ұзындығы 115,2 шақырымды құрайтын кәріз жүйесінің құрылысы 2022 жылға өтпелі. Ал, «Самал-3» шағын ауданындағы құрылысты мердігер мекеме «Бұрған-2005» жүргізуде. Оның ұзындығы 37,3 шақырымды құрайды. Нысан келер жылға өтпелі.
Айта кетейік, 2025 жылға дейін қала тұрғындарын кәріз жүйесіне қосу көрсеткішін 75 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР