2024-11-24 13:45:53
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Абай ауданындағы 25 мыңға жуық тұрғын биыл ауыз сумен қамтылады

Абай ауданындағы 25 мыңға жуық тұрғын биыл ауыз сумен қамтылады
Абай ауданында жалпы 34 елді мекен болса, оның бүгінгі күнге 24-і ауыз сумен қамтылған. Яғни, тұрғындардың 71% сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Б.Парманов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұңғыма және тасымалды ауыз су пайдаланып отырған 10 елді мекеннің 8-де биыл ауыз су құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 25 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылады. Оның ішінде 4 елді мекеннің тұрғындарына ауыз су жүйелерін қосу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: «Игілік», «Қызылжар», «Көкбұлақ», «Тәуелсіздікке 20 жыл». Қалған 4 елді мекеннің яғни, «Жаңаталап», «Ынтымақ-2», «Жаңа Тұрлан», «Солтүстік саяжай» (Нұршуақ) құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады.
Келер жылға өтпелі екі елді мекеннің (Ақтас-2, Құрсай) ЖСҚ-н дайындауға — 48,6 млн. теңге бөлініп, «Ұлмад» ЖШС тарапынан жоба дайындалды. 2021 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Бір сағатқа созылған тікелей эфирді 1500-нан астам қала тұрғындары қарады. Осы уақыт ішінде аудан тұрғындары тарапынан ауыз су, газбен қамту, сапалы электрмен қамту және жол мен қоғамдық көлік мәселесіне қатысты 100 ден астам сұрақтар келіп түсті. Аудан әкімі сауалдардың көпшілігіне толық жауап беріп өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР