2026-07-22 19:07:49
30.4 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті, Полиция, Төтенше жағдайлар, Мемлекеттік кірістер, Әділет, Қылмыстық-атқару жүйесі, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау науқанына дайындық аясында сайлау учаскелеріндегіқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Биылғы жылдың 23 тамызына белгіленген Құрылтай сайлауы – еліміздің  қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды, тарихи оқиғалардың бірі. Осы орайда, сайлау процесін ашық, әділ және заң талаптарына сай өткізу басты басымдық болып табылады.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссиялары бірлесе отырып, дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Айта кетсек, жалпы қазіргі таңда 365 сайлау учаскесі тіркелген. Қала бойынша сайлаушылар саны 714 мыңнан астам адамды құрайды.

Сонымен қатар, қаладағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейіне жүргізілген талдау қорытындылары талқыланып, оларды қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты міндеттер белгіленді.

Отырыс барысында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру және қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейту жөнінде тиісті міндеттер жүктелді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындардың тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау – мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтарының бірі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР