2026-07-16 18:55:23
39.9 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еңбекші ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасуда

Еңбекші ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бекітілген 2022–2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында ауыз су, табиғи газ, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жобалар іске асырылып келеді.

Аудан тұрғындарының басым бөлігі негізгі инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. 2025 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, Оңтүстік-Жаңақұрылыс тұрғын алабында су құбыры жүйесінің құрылысына арналған жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2026 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық жүргізілуде.

Табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жалын, Жұлдыз, Қарабастау-Жаңақұрылыс және Жұлдыз-Жаңақұрылыс аумақтарында газ жүйесінің құрылысы аяқталып, тұрғындарды абоненттеу жұмыстары жүргізілді. Ал Достық тұрғын алабы, Қазығұрт станциясы аумағы мен Оңтүстік-Жаңақұрылыс учаскесін газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Электрмен жабдықтау саласында ескірген желілерді жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. А.Оразбаева көшесіндегі электр желілері толық жаңартылып, Исфиджаб және Достық тұрғын алаптарында іске асырылып жатқан «Сайрам» жобасының құрылысы аяқталу сатысына жетті. Сонымен қатар, «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесі тарапынан электр желілері мен трансформаторларды жаңарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Кәріз жүйесін дамыту бағытында Базарқақпа тұрғын алабындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторды қамтитын құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ Орынбай ақын көшесі аумағында жаңа кәріз желілерін салуға арналған жобалар әзірленіп, келесі кезеңдегі құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыландыру қарастырылды.

Жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру де басты назарда. Ауданда көшелерді асфальттау, магистралды жолдарды жаңғырту және тұрғын алаптарды сапалы жолмен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Базарқақпа мен Тұрдыабат тұрғын алаптарын байланыстыратын Исраилов көшесінде күрделі жөндеу басталып, жоба аясында төрт жолақты автожол, аяқжолдар, ирригациялық жүйе және көше жарықтандыру желілері қарастырылған.

Сонымен қатар, жаңа аяқжолдар салу, ирригациялық арықтарды орнату және көше жарықтандыру жүйелерін жаңарту жұмыстары да жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ ауданның инженерлік әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР