2026-06-05 17:51:22
30.1 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТТЕ СУ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Жаз мезгілінің басталуына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік талаптары түсіндірілуде.

Мамандар азаматтарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады. Бейтаныс әрі тексерілмеген су айдындары адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сондай-ақ суға мас күйінде түсуге, түнгі уақытта шомылуға және жағалаудан алыс жүзуге болмайды. Жүзуді толық меңгермеген азаматтарға суға белден жоғары кірмеу ұсынылады.

Балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Оларды су айдындарының маңында қараусыз қалдыруға болмайды. Ал жүзу кезінде тақтайша, камера, пенопласт және үрмелі матрастар сияқты қауіпсіздігіне кепілдік берілмеген құралдарды пайдаланудан сақ болған жөн.

Қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 бірыңғай құтқару қызметіне хабарласу қажет.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР