2026-07-22 02:25:20
24 C
Шымкент

Көп қаралғандар

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХVI сессиясы өтіп, бірқатар мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты. Атап айтқанда, күн тәртібінде Тұран ауданы әкімінің лауазымына үміткерге келісім беру, туризим, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының есебін тыңдау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың іске асырылуы туралы мәселелер қаралды. Сессияға қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысты.

Алдымен сессияда Тұран ауданы әкімінің лауазымына ұсынылған кандидаттың бағдарламасы тыңдалып, депутаттар тарапынан Біржан Әзімбердиевті тағайындауға келісім берілді.

Шымкент қаласы туризим, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов атқарылған жұмыстар және биылғы жоспарлардан хабардар етті. Оның мәлімдеуінше, өткен жылы қалаға келген туристер саны 550 мыңнан асқан. Жыл басынан бері 4 қонақүйдің құрылысы аяқталса, қазіргі уақытта 9 қонақүйдің құрылысы жүргізілуде. Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан биыл 2 нысанды қайта құру туралы келісім алынған.

Жиында аталған мекеменің есебін депутаттар бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сонымен бірге, депутаттар жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есепті қарады. Жобалардың орындалуы, инвестициялық міндеттемелердің жүзеге асырылуы және мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы мәселелері зерделенді.

Сонымен қатар, сессия соңында қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Шымкент қаласының Құрмет грамотасы» табысталды.

Сессия барысында қаралған мәселелер қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталғаны атап өтілді. Депутаттар әрбір мәселе бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, атқарушы органдардың алдағы жұмысына қатысты бірқатар міндеттерді айқындады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР