2026-06-05 13:38:46
28 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Азаматтардың интернет-алаяқтықтан сақтану деңгейін арттыру және құқықтық сауаттылығын күшейту мақсатында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді сілтемелер мен жалған хабарламалардан қорғану жолдары, жеке деректер мен банк картасы мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, азаматтарға белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау, күмәнді интернет-сайттар арқылы қаржылық операциялар жасамау және алаяқтық белгілері анықталған жағдайда дереу полиция органдарына хабарласу жөнінде ұсыныстар берілді.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасы тұрғындарды қырағылық танытуға және жеке деректердің қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР